Столичный филиал Фонда «Даму» объявляет прием заявок на участие в благотворительном конкурсном проекте «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды»

Анонсы
08.06.2016

Жоба мақсаты: мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпкерлік әрекетін ынталандыру жолымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасау.

Байқауға Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген құжаттармен расталған мүгедектік тобы бар, 18 жасқа толған және одан жоғары, кәсіпкерлікті бастаған немесе әрекет ететін, қоғамда және отбасында кәсіпкерлік әрекетпен айналысу жолымен жеке және кәсіби жүзеге асу үшін өз дағдыларын, білімін, тәжірибесін қолдануға ынтасы бар Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.

Грант мөлшері: 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды.

Асығыңыз, қатысуға шақырамыз! Қатысу үшін құжат 01.07.2016–ға дейін қабылдайды.

Толық ақпарат алу және жобаға қатысуға өтінім беру үшін КҚКО үйлестірушісіне осы мекен-жай бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:

Астана қаласы Қажымұқан көшесі, 8А, 1 қабат, телефон 559434, 559439, call-centre 1408.