16 июня в Кызылорде состоится семинар для людей с ограниченными физическими возможностями «Ты – предприниматель!»

Анонсы
14.06.2016

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы мен Мүгедектерге арналған оңалту орталығының бастамасымен ісін жаңа бастаған мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған «Сен-кәсіпкерсің» атты семинар ұйымдастырылуда.

Семинар бағдарламасында:

  • Кәсіпкерлік психологиясы
  • Кәсіпкерліктің заңды аспектілері
  • Маркетингтік қызмет
  • Бизнес-жоспарлау тақырыптары қамтылады.

Семинар аясында «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кеңесшілері жеңілдетілген несиелер мен қайтарымсыз гранттық қаражаттарды алу механизмдері туралы толық мәлімет береді. Қатысушыларға мүгедек кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму-Көмек» және «Жұлдыздарға қара» бағдарламалары таныстырылады.

Өткізілу орны: Қызылорда қаласы, Талсуат кенті, Талсуат №6/1, мәжіліс-залы.

Өтетін уақыты мен күні: 16.06.2016 жыл, басталуы сағат 15:00.

Семинарға жазылу үшін немесе қосымша сұрақтар бойынша: 8 (7242) 55-11-18 телефоны бойынша хабарласуға болады.