В Кызылординской области начался прием заявок на «Обучение топ-менеджмента малого и среднего предпринимательства»

Анонсы
20.01.2017

Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері! Сіздерді «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысуға шақырамыз.

Сіздердің жоба аясында жоғары бизнес мектебі «Назарбаев Университеті» базасында отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің басшылығымен өтетін бірегей, әрі тегін бизнес-тренингтерге қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Оқытудың мақсаты:

- Табысты бизнесті жүргізуге жаңа модельдерді енгізу;

- Компанияның бәсекеге қабілеттілігін,өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;

- Шетелдік оқыту орталықтарын қатыстыра отырып, стратегиялық және тактикалық бизнес есептерді шешу.

Жобаға экономиканың басымдық танытатын секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді. Компонент қатысушылары өз бетінше оқытуға барып-қайту жол ақысын және тұрғын үй шығынын өтейді.

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту 3 кезеңнен тұрады:

- Үш күндік күндізгі оқыту;

- Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);

- Бизнес-жоспарды әзірлеу мен бағалау.

Оқу аяқталған соң қатысушыға Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Орындардың саны шектеулі. Қатысуға асығыңыздар!

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) қабылданады. Біздің мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі, 12.

тел: + 7 7242 551118, электрондық адрес: damu@list.ru.