Көкшетау қаласындағы КҚКО «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» компонентіне қатысуға өтінімдер қабылдана бастады
Оқытудың мақсаты:
Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.
Компонент қатысушылары оқу өтетін жерге барып-қайту жолақысын, оқу кезінде жатын жайға өздері төлейді.
Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.
Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментіне оқыту 3 кезеңнен тұрады:
30 қатысушыдан (14 топ) аудиторияларда топтап үш күндік іштей оқыту;
Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);
Бизнес жоспарды әзірлеу мен бағалау.
Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.