26 января в Кызылорде пройдет встреча со студентами по вопросам молодежного предпринимательства

Анонсы
25.01.2017

26 қаңтар күні Қызылорда политехникалық колледжінде студент жастармен жастар кәсіпкерлігін дамыту тақырыбында кездесу өтеді.

Кездесу аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту жолдары, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен 18 бен 29 жас аралығындағы жас азаматтарға кеңестік сүйемелдеу қызметін көрсету секілді сұрақтар талқыланады. «Даму» Қорының өкілдері іс-шара қатысушыларына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде баяндап, қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несие алу жолдарын түсіндіреді.

Іс-шараға қатысуға өз кәсібін ашуды жоспарлайтын Қызылорда облысының жас тұрғындары шақырылады.

Өткізілетін орны: Қызылорда қ, Жібек жолы көшесі, 12. Қызылорда политехникалық колледжі ғимаратының №12 аудиториясы. (1 қабат)

Өтетін күні мен уақыты: 26 қаңтар, басталуы сағат 11:00-де.

Байланыс телефоны: + 7 7242 551118, электронды мекен-жай: damu@list.ru.