В Атырау начался прием заявок на «Обучение топ-менеджмента малого и среднего предпринимательства»

Анонсы
26.01.2017

Сіздерді «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысуға шақырамыз.

Оқытудың мақсаты:

Топ-менеджерлерді жаңа модельдер жасауға және бизнесті жүргізуге оқыту;

Компанияның бәсекеге қабілеттілігін, өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;

Тұрғындардың бизнес жүргізудегі кәсіпкерлік деңгейін көтеру.

Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады.

Компонент қатысушылары оқу өтетін жерге барып-қайту жолақысын, оқу кезінде жатын жайға өздері төлейді.

Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментіне оқыту 3 кезеңнен тұрады:

30 қатысушыдан (14 топ) аудиторияларда топтап үш күндік іштей оқыту;

Онлайн-семинарлар (қазақстандық мамандардың қатысуымен);

Бизнес жоспарды әзірлеу мен бағалау.

Компоненттер аяқталған соң кәсіпкерлерге Назарбаев Университетінің Дьюк Университетімен біріккен оқу курсын табысты бітіргендігі жөнінде сертификат беріледі.

Орындардың саны шектеулі.

Өтініш «Даму» Қорының жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО-на) қабылданады.: Атырау қ., Азаттық даңғылы, 17 Кәсіпкерлікті қолдау орталығы, тел: 8/7122/ 55-81-01, 35-46-51. Ішкі номер (3376)