31 января в Астане пройдет бесплатный мастер-класс «Как выбрать хорошего продавца»

Анонсы
27.01.2017

2017 жылдың 31 қаңтарда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Жақсы сатушыны қалай таңдауға болады» атты шеберлік сабағы өтеді.

Шеберлік сабағын сертификатталған бизнес-тренер, коуч, сату академиясының басшысы Айгерим Ахметжанова өткізеді.

Кездесуге бизнесін жаңа бастап жүрген кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес басшылары шақырылады

Шара барысында келесі сұрақтар қарастырылады:

Сатушы маманы ретінде қызметкерді қалай таңдау қажет?

Оны қайдан іздеу қажет?

Сұхбаттасу барысында қызметкердің сату қабілетін қалай аңғаруға болады?

Болашақ қызметкердің мүмкіндігін, әлеуетін қалай білуге болады?

Жоғарыда аталғанның бәріне не себеп?

Басталуы 2017 жылдың 31 қаңтар, сағат 11:00.

Қатысу – тегін, info-prodavai@mail.ru электрондық поштаға тіркелуі қажет.

Қатысуға ниет білдіргендерді мына мекен жай бойынша күтеміз: Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, конференц зал. Қосымша ақпарат: 8-775-796-74-43 , 8-701-730-77-63.