Костанайский филиал Фонда «Даму» сообщает о начале приема заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
27.01.2017

Қостанай қаласының кәсіпкерлеге қызмет көрсету Орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды. Жоба барысында кәсіпкерлік қызметін жүргізу және құру сұрақтары бойынша оқу өтеді. «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығының базасында стартап-жобаларға кеңес беріліп, тәжірбиелік сүйемелдеу көрсетіледі.

Кәсіпкерлер құзіретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Жоба стартап жоба құруға жеткілікті болатын құзірет қалыптастырып, дамыту үшін азаматтардың кәсіпкерлік дағдыларын ұштауды көздейді. Сондай-ақ бұл дағдылардың болашақта жемісті бизнеске айналуына қолдау көрсетіп, осы іс бастаған кәсіпкерлерді қаржы көздеріне жақындатуды да мақсат тұтқан.

Жоба аясында «Кәсіпкерлікке кіріспе», «Кәсіпкерлік психологиясы», «Кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық тетіктері», «Менеджмент», «Маркетинг», «Бизнес-жоспарлау» секілді бірқатар тақырыптар бойынша үш күндік тегін оқу қарастырылған.

Қосымша ақпарат: Қостанай қаласы әл-Фараби даңғылы 65, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 1 қабат, +7 7142 990300, +7 7142 541583.