Қызылорда қаласының Кәсіпкерлеге қызмет көрсету орталығында «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды.
Іс-шара мақсаты: бастауыш кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру болып табылады.
Жоба аясында қатысушыларға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-практикалық сүйемелдеу қызметі көрсетіледі:
Жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.
Өтінімдер 10 ақпанға дейін қабылданады.
Нақтырақ ақпаратты алу және жобаға қатысуға тапсырыс беру үшін мына мекен жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
Қызылорда қ., И.Журба көшесі, 12 - Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1-қабат, 09.00-ден 18.00 дейін, анықтама телефоны: + 7 7242 551118.