23-27 ақпан аралығында «Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуға қолдау» жобасы аясында потенциалды және жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге арналған тренинг-семинар өтеді.
Шараның мақсаты: Өз бизнесін құру және ойдағыдай кәсіпкерлік қызметін жүргізу барысында кәсіпкерлердің білім және дағды деңгейін жоғарлату.
Жоба аясында оқуға қатысушыларына Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығы мамандары тәжірибе-кеңестік қолдау көрсетеді:
Бизнес-жоспар құру бойынша жәрдем және бизнес-жобаны жүргізу
Кәсіпкерлік нысан ретінде тіркелуге көмек көрсету
«Даму» Қорының құралдары арқылы қаржылық қолдау алу үшін құжаттар жинауға көмек көрсету
Тәжірибелі бизнес өкілдердің жетекшілігі.
Өтетін орны: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191, «Даму» Қорының КҚКО ғимаратында, 1-қабат, оқыту сыныбы.
Шеберлік сабағы сағат 14-00-ден 18-00 дейін өтеді.
Тіркелу үшін bm.ppv@mail.ruэл. поштаға өтінім жіберу қажет
немесе 8(7152) 55-98-10 телефонына хабарласыңыз
байланыс телефондары: 8(7152) 55-98-10, 8 701 432 20 46.