10 февраля в Кызылорде пройдет встреча для молодежи по вопросу предпринимательства

Анонсы
08.02.2017

10 ақпан күні Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып, жастар кәсіпкерлігі бойынша кездесу өткізеді.

Кездесу аясында жастар кәсіпкерлігін дамыту жолдары, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мен 18-29 жас аралығындағы жас азаматтарға кеңестік сүйемелдеу қызметін көрсету секілді сұрақтар талқыланады. «Даму» Қорының өкілдері іс-шара қатысушыларына кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде баяндап, қайтарымсыз гранттар мен жеңілдетілген несие алу жолдарын түсіндіреді.

Іс-шараға қатысуға өз кәсібін ашуды жоспарлайтын Қызылорда облысының жас тұрғындары шақырылады.

Өтетін орны: Қызылорда қаласы К. Байсейітова 82 үй, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мәжіліс залы.

Өткізілетін күні мен уақыты: 10 ақпан 2017 жыл, басталуы сағат 10:00-де.

Байланыс телефоны: + 7 7242 551118, электронды мекен-жай: damu@list.ru.