20 февраля в Таразе стартует обучение для начинающих предпринимателей

Анонсы
14.02.2017

20-23 ақпан аралығында Тараз қаласы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында өз ісін сенімді бастағысы келетін Жамбыл облысының тұрғындарына арнайы «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқулары өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты - ісін жаңадан бастамақ кәсіпкерлерге өз бизнесіне тың ой таңдауға көмектесіп, табысты бизнесті минималды тәуекел және шығынмен бастау және дамытуға дайындау. Оқыту бағдарламасы Қазақстан нарығының ерекшелігін ескере отырып, «УТБИ» консалтингтік компанияның әдістемесімен дайындалған.

Кәсіпкерлер құзыретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеясы бар азаматтар қатыса алады.

Қорытындысы бойынша, семинарға қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинар өту мерзімі: 20–23 ақпан 2017 жыл

Басталуы: сағат 10.00

Өту мерзімі: 10.00 – 17.00

Өтінімдер, мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 94. Тел.:8 /7262/999-470, 999-471, 541-150.