В Кызылорде начался прием заявок на участие в Национальном конкурсе инноваций

Анонсы
28.06.2016

Қызылорда облысының индустриялық–инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және министрлігі мен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі АҚ» (бұдан әрі – агенттік) жыл сайынғы «Ұлттық инновация байқауын» өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.

Жобаның мақсаты – Инновация белсенді топты ынталандару.

Байқау келесі номинациялар бойынша жүргізіледі:

- Мектеп оқушылары арасындағы үздік инновациялық жоба;

- Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба;

- Үздік ұтымды ұсыныс;

- Үздік бизнес-періште;

Сонымен қатар, бірінші рет үздік инновация жобаның әртүрлі түрлеріне қосымша номинациялар анықталған:

- Үздік процестік инновация;

- Үздік маркетингтік инновациясы;

- Үздік ұйымдастыру инновациясы;

- Үздік азық-түлік инновациясы;

- Үздік әлеуметтік инновация.

Аталған инновация түрлеріне өтінім Агенттіктің www.natd.gov.kz онлайн сайтында қабылданады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 6 000 000 теңге. Оның ішінде:

- «Мектеп оқушылары арасында үздік инновациялық жоба» номинациясының жеңімпаздары білім беретін турмен Ұлыбритания еліне баруға мүмкіндік алады;

- «Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2-3 орындар) – 1 000 000, 500 000 және 200 000 теңге көлемінде;

- «Үздік ұтымды ұсыныс» номинациясы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлері (2-3 орындар) – 1 000 000, 500 000, және 300 000 теңге көлемінде;

- Инновацияның 5 номинациясы бойынша жеңімпаздар әр қайсысы 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Әр түрлі дәрежедегі байқауға қатысушыларға қосымша сыйлықтар қарастырылған.

- Сондай-ақ номинациялар ішінде ең маңызды түрі – «Еліміздің үздік инновациялық өңірі» номинациясы.

Жоғарыда баяндалғанға сйкес, Сізден кәсіпкерліктің «Ұлттық инновациялық байқауға» қатысуға ықпал етуіңізді сұраймыз және қатысуға ниет білдірген жағдайда ү.ж. 25 шілдесіне дейін Агенттіктің www.natd.gov.kz онлайн сайтына тіркелуді сұраймыз. Қосымша ақпаратты: +77172 57 10 14 (246, 432) байланыс телефондары арқылы да ала аласыздар.

Сондай – ақ, қатысуға өтінім жолдаған жағдайда бұл туралы басқарманың 60-54-10 байланыс телефоны арқылы немесе a.bashenova@korda.gov.kz электронды поштасы арқылы хабардар етуді сұраймыз.

Байқаудың қорытындысы ү.ж. қыркүйекте өтетін XI Инновациялық конгрессте анықталатын болады.