Құрметті Қызылорда облысының кәсіпкерлері! «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» жобасына қатысу үшін өтінім беруге асығыңыздар.
Сіздердің «Назарбаев Университеті» жоғарғы бизнес мектебі базасында отандық және шетелдік бизнес-тренерлердің басшылығымен өтетін тегін бизнес-тренингтерге қатысуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Оқудың мақсаты:
Топ-менеджерлерді жаңа модельдер жасауға және бизнесті жүргізуге оқыту;
Компанияның бәсекеге қабілеттілігін,өміршеңдігін және тұрақты өсуін арттыру;
Тұрғындардың бизнесті жүргізудегі кәсіпкерлік деңгейін көтеру.
Компонентке қатысудың шарттары:
Компонентке экономиканың басым секторларында әрекет етіп жүрген шағын және орта бизнес кәсіпорнының жоғары және орта буын басшылары қатыса алады;
Компонент қатысушылары оқу өтетін жерге барып-қайту жолақысын, сонымен қатар оқу кезеңіндегі жатын жайға өздері төлейді;
Оқу бойынша қатысушылардың шығыны республикалық бюджет есебінен төленеді.
Орындар шектеулі! Өтінім беріп үлгеріңіздер!
Толық ақпарат алу үшін Даму Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен - жайы: Қызылорда қ, Журба, 12, байланыс телефоны: 8(7242) 55-11-18.