ЦОП Фонда «Даму» в Шымкенте и Туркестане приглашают принять участие в конкурсной программе «Поддержка открытия нового бизнеса» для начинающих бизнесменов

Анонсы
11.07.2016

Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы іс бастаушы бизнесмендер үшін «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» байқау бағдарламасына қатысуға шақырады.

Бағдарлама болашағы зор бизнес-идеялары бар 18 және одан жоғары жастағы іс бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалған.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар үш күндік тренинг-оқуларға қатысуға өтініш береді, оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспар дайындайды. Байқау комиссиясының анықтауымен ең үздік бизнес-жоба ГРАНТ жеңіп алады.

Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өмір сүргіштігіне» бағалау жүргізуге, бизнесті құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үшін жасалған. Тренингтер бағдарламасы интербелсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындардың көп түрлеріне толы.

Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлауы дамиды, мақсатқа жетуге өзіндік әсер ету дәрежесі сезіледі, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.

Сонымен бірге, алдағы уақытта Тәлімгерлермен жұмыс жасау үшін және олардың жобаларын алдағы уақытта сүйемелдеуге қосымша 4 болашағы зор бизнес-жоспар іріктеліп алынады.

Өтініштер 2016 жылдың 20 тамызына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Шымкент қ., «Даму» Қорының КҚКО, Рысқұлов к-сі 8 А, «Наурыз» аялдамасы;

Түркістан қ., «Даму» Қорының КҚКО, Қожанов к-сі 7.

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57