Жоба ҚР жоғары және орта білім ошақтарындағы студент жастардың кәсіпкерлікке деген бетбұрысын анықтап, кәсіп ашсам деген талаптарын ұштап, қолдау көрсетуді көздейді. Жобаға 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Жоба барысында 6 күн тегін семинар өтеді. Онда кәсіпкерлікке кіріспе, кәсіпкерлік психологиясы, кәсіпкерліктің заңдық, қаржылық аспектілері, менеджмент, маркетинг, бизнес-жоспар секілді көптеген тақырыптарға дәрістер оқылады. Оқу аяқталған соң, тыңдаушылар «Тәлімгерлік» компонентіне қатысуға өтінім беріп, болашақта тәжірибелік оқуға жолдама алуға мүмкіндіктері бар.
Толыққанды ақпарат алу үшін Қызылорда қаласы, И.Журба көшесі, №12. (КҚКО) 1-қабатқа келіп, 09:00- 18:00 аралығында хабар ала алады. телефондар: 8(7242) 55-11-18.