Көкшетау қаласының Кəсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды. Аталған жоба бизнес саласында жəне жеке істі жүзеге асырудағы білімді жүйеге келтіруге көмектеседі.
Жобаға 18-29 жас аралағындағы өз ісін жаңа бастаған кəсіпкерлер қатыса алады. Өтінімдер 4 тамызға дейін қабылданады.
Оқудан соң сертификат алған жастар өздері əзірлеген бизнес-жоспарларымен Стартап-жобалар байқауына қатысады. Стартап-жобасының жеңімпазы жеке бизнесін құру бойынша білімі мен дағды деңгейін жоғарлатуға бағытталған онлайн/оффлайн оқуға бара алады.
Қосымша сұрақтар бойынша Көкшетау қ., Ақан Сері к-сі, 46А/1 үй мекен-жайына немесе 8(7162) 55 11 18, 55 11 19 байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз.