29 июля 2016г. в Костанае пройдет День открытых дверей в Мобильном Центре Поддержки Предпринимательства

Анонсы
26.07.2016

Қостанай облысы бойынша «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2016 жылдың 29 шілдесінде ашық есік Күнін өткізеді.

Шара барысында (әлеуетті, ісін жаңадан бастаған, бизнесі бар кәсіпкерлерге) мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылық және қаржылық емес қолдау туралы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері туралы, банктердегі қаржыландыру туралы тегін кеңестер беріледі.

Ашық есік Күні 2016 жылдың 29 шілдесінде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін «Казахтелеком» АҚ мен Қостанай облысы Әкімдігінің мәдениет басқармасы ММ ғимаратының ортасында, әл-Фараби даңғылының жол бойында, кәсіпкерлерге қызмет көрсету мобильді орталығында (арнайы жабдықталған автобуста) өтеді.

Анықтамалар үшін телефон : 8 7142 990 300