2 августа в г.Костанай состоится пресс-тур по предприятиям-участникам государственных программ поддержки предпринимателей

Анонсы
27.07.2016

2016 жылдың 2 тамызында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қостанай облысы бойынша аймақтық филиалы өнеркәсіпті өңдеу саласында жұмыс істейтін және мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау «Даму-Көмек» бағдарламасының қатысушылары бойынша, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және шағын және орта бизнесті қолдау Бағдарламасы аясында пресс-тур өткізеді.

Пресс-турға қатысушылар «МираФуд» ЖШС (етті өңдеу және консервілеу), Садовод ШХ (көкөністер өсіреді), «Стеклоцентр-2008» ЖШС (шыны өңдеуші), Мария Карымсакова ЖК (емдік уқалау қызметі) кәсіпорындарының жұмысымен танысады.

Уақыты: сағат 10.00

Шығу орны; Қостанай қаласы, Әл-Фарби даңғылы 65, «Бизнес- Орталық», 1 қабат.

Қосымша ақпарат мына телефон бойынша; 8(7142) 990 -300, 8 701 516 12 78.