В Атырауской области продолжается прием заявок на обучение «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
20.06.2017

10-12 шілде аралығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында, кәсіпкерлердің құзіретін арттырудың біріңғай бағдарламасы бойынша 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтарды оқыту жоспарланып отыр.

Жоба стартап жоба құруға жеткілікті болатын құзірет қалыптастырып, дамыту үшін азаматтардың кәсіпкерлік дағдыларын ұштауды көздейді. Сондай-ақ бұл дағдылардың болашақта жемісті бизнеске айналуына қолдау көрсетіп, осы іс бастаған кәсіпкерлерді қаржы көздеріне жақындатуды да мақсат тұтады.

Іс-шара мақсаты: бастауыш кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыру болып табылады.

Жоба аясында қатысушыларға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-практикалық сүйемелдеу қызметі көрсетіледі:

Бизнес-жоспар жасауға жәрдемдесу;

ШОБ субъектісі ретінде тіркелуге көмектесу;

Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;

«Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарына қатысуға өтінім беру мен құжаттар жинақтауға атсалысу және т.б.

Өтінімдер мына мекен – жай арқылы қабылданады: Атырау қаласы, Азаттық даңғылы 17 Кәсіпкерлер Қолдау Орталығында 5 шілдеге дейін қабылданады.