info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Кызылординской области стартовал прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
04.07.2017

«Даму» қорының Қызылорда облыстық филиалында «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталды.

Іс-шара іс бастаушы кәсіпкерлердің өз бизнесін бастау мен кәсіпкерлік қызметті табысты жүргізу бағытында білімдерін арттырып, машықтандыруды көздейді.

Жоба аясында қатысушыларға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы тарапынан кеңестік-тәжірибелік сүйемелдеу қызметі көрсетіледі:

  • Бизнес-жоспар жасауға жәрдемдесу;
  • ШОБ субъектісі ретінде тіркелуге көмектесу;
  • Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;
  • «Даму» Қорының қаржылық қолдау құралдарына қатысуға өтінім беру мен құжаттар жинақтауға атсалысу және т.б .

Жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Өтінімдер 21 (қоса алғанда) шілдегедейін қабылданады.

Нақтырақ ақпаратты алу және жобаға қатысуға тапсырыс беру үшін мына мекен- жай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:

Қызылорда қ., И.Журба көшесі, 12. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1-қабат, 09.00-ден 18.00 дейін, анықтама телефоны: + 7 7242 551118 .