info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Южно-Казахстанской области начался прием заявок на обучение

Анонсы
04.07.2017

Маусым айынан бастап Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында іс бастаушы кәсіпкерлер үшін «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасының семинар-тренингіне өтінім қабылдау басталды.

Сіз Оңтүстік Қазақстан облысында тұрасыз, 18-ге толғансыз және/немесе одан үлкен жастасыз және сізде керемет бизнес-идея бар. Бірақ бизнесті қалай және неден бастарыңызды білмейсіз.

Олай болса сізді Шымкент және Түркістан қалаларындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында (КҚКО) өтетін іс бастаушы кәсіпкерлерге арналған семинар-тренингке шақырамыз.

Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өмір сүргіштігіне» бағалау жүргізуге, бизнесті құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үшін жасалған. Тренинг бағдарламасы интер белсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және іскерлік ойындардың көп түрлеріне толы.

Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлауы дамиды, мақсатқа жетуге өзіндік әсер ету дәрежесі сезіледі, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.

Оқу қорытындысы бойынша әрі қарай Тәлімгерлермен жұмыс істеу үшін және олардың жобаларын әрі қарай алып жүру үшін үздік 4 бизнес-жоспар іріктеліп алынады.

Біздің мекен-жайымыз:

Шымкент қ., «Даму» Қорының КҚКО, Байтұрсынов к-сі, 88 В, «Онкология» аялдамасы.

Түркістан қ., «Даму» Қорының КҚКО, Қожанов к-сі, 7

Өтінім қабылдау: сағат 09.00.-18.00, үзіліссіз.

Семинарға «Даму» Қоры КҚКО-ға өтініш бергендер ғана қатыса алады.

Қосымша ақпараттар: 8/7252/29-48-11, 8-702-105-90-15