info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Таразе пройдет обучение для начинающий предпринимателей

Анонсы
12.07.2017

17-19 шілде аралығында Тараз қаласы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мәжіліс залында, өз ісін сенімді бастағысы келетін Жамбыл облысының тұрғындарына «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқу семинары өтеді.

Жобаның негізгі мақсаты ісін жаңадан бастамақ кәсіпкерлерге өз бизнесіне тың ой таңдауға, табысты бизнесті минималды тәуекел, шығынмен бастау және дамытуға дайындау. Оқыту бағдарламасы Қазақстан нарығының ерекшелігін ескере отыра «УТБИ» консалтингтік компанияның әдістемесімен дайындалған.

Кәсіпкерлер құзыретін арттырудың біріңғай бағдарламасы аясында басталған бұл жобаға ҚР 18 жасқа толған, бизнес-идеялары бар азаматтар қатыса алады.

Қорытындысы бойынша, семинарға қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинар өту мерзімі: 17 – 19 шілде 2017 жыл

Басталуы: сағат 10.00

Өту мерзімі: 10.00 – 17.00

Өтінімдер, мына мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 94. Тел.:8 /7262/999-470, 999-471, 541-150.