info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Костанае пройдет День открытых дверей

Анонсы
07.08.2017

Қостанай облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру аясында 10 тамызда ашық есік күнін өткізді.

Акция өткізу барысында кәсіпкерлер (әлеуетті, іс бастаушы, бизнесі бар кәсіпкерлер) үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылай және бейқаржылық қолдау құралдарын алу мүмкіндігі туралы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтері туралы, банк арқылы қаржыландыру туралы тегін кеңес беріледі.

Ашық есік күні 2017 жылдың 10 тамызында 09.00-ден 18.00 аралығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің мобильді орталығында (арнайы жабдықталған автобус) өтеді.

Мобильді орталық әл-Фараби даңғылы бойынша жолдың бөлігінде «Қазақтелеком» АҚ және «Қостанай облысы әкімдігінің мәдени басқармасы» ММ ғимараттардың арасында тұрады.

Анықтамалар үшін телефоны: 8 7142 990 305, 8-705-558-35-55