25 тамызда Петропавл қаласында инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік Кеңестің III отырысы жоспарланған.
Солтүстік Қазақстан облысына инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік Кеңес – тиімді, сенімді және ұзақ мерзімді инвестициялық байланыс орнатуға арналған платформа. Сондай-ақ, өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелерді шешуді көздейді.
25 тамызда Петропавл қаласында «Green Park» саябақ-қонақ үйі жанында инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Өңірлік Кеңестің III отырысы өтеді.
Бағдарлама бойынша:
- пленарлық сессияға енгізілген негізгі іс-шараны өткізу;
- бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бизнес-қарым-қатынастарды жолға қою және әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеу үшін В2В/G2B форматындағы диалог алаңы;
- ынтымақтастық туралы екі жақты меморандум, келісімдер мен шарттарға қол қою;
- өңір тауар өндірушілерінің көрмесі;
- кәсіпорындарды аралау аясында өңірдің өндірістік әлеуетін көрнекі етіп көрсету.
Іс-шараға шет мемлекет өкілдері қатысады.