info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

В Астане пройдет бесплатный семинар «Увеличение продаж в условиях кризиса»

Анонсы
05.10.2017

9 қазанда Астана қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Дағдарыс кезінде сауданы арттыру» атты семинар болады.

Семинар бағдарламасы:

  • Сату жүйесінің диагностикасы. Себебін іздейміз.
  • Сатудың әркім қолдана бермейтін басты формуласы.
  • Клиент жоғалтуды қалай тоқтатып, сатылымға қалай ықпал етуге болады?
  • ЖҮЙЕ-ТАУАР-АДАМДАР формуласы нені білдіреді?
  • Сату бойынша тренинг үнемі керек пе?
  • Сауданы арттырудың әркім қолдана бермейтін әдістері.
  • Сауданы арттыру үшін пайдасы жоқ құралдарға қаражат жұмсауды қалай доғару керек.

(Кездесуге калькулятормен келген дұрыс)

Семинарды қаржы кеңесшісі, коуч, маркетинг және сату бойынша бизнес-тренер, TTI SuccessInsights сертификатталған серіктес консультанты Әйгерім Ахметжанова өткізеді.

Шеберлік сабағы 2017 жылы 9 қазанда өтеді. Басталуы сағат 11:00-де, ұзақтығы – 1,5 сағат.

Қатысу тегін, тіркеу info-prodavai-1@mail.ru бойынша, «тіркеу» белгісі мен аты-жөнін, лауазымын, телефон нөмірін, не сататынын көрсету керек.

Қосымша сұрақтар 8-702-189-77-21, 8-775-796-74-43 телефондары арқылы.

Қатысқысы келетіндерді Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 8А үй, 3 қабат, конференц-залда күтеміз.