info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

В г. Петропавловск состоится Деловая игра «Начни и развивай свой бизнес»

Анонсы
12.10.2017

18 қазан күні «Даму» Қорының Петропавл қаласындағы филиалында «Өз бизнесіңді баста және жетілдір» атты іскерлік ойын өтеді

Сіздің жеке бизнесіңіз бар және бизнестің жоғарғы деңгейіне өту қажеттігін сезіндіңіз бе? Кәсіпорыныздың дамуы қажет екенін түсіндіңіз бе? Біз сізді күтеміз!

18 қазан күні «Даму» Қорының Петропавлдағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкерлерге арналған «Өз бизнесіңді баста және жетілдір» атты іскерлік тренинг/ойынының екінші модулі өтеді.

«Бизнес бастап оны дамыт» атты тренинг/ойының Халықаралық еңбек ұйымы әзірлеген. Негізінен бизнестің:

• коммуникация орнату,

• кәсіпорынның маркетингтік қызметі,

• баға саясаты әзірлеу дағдысын қалыптастыру,

• өз кәсіпорынды жылжыту үшін бағдарлама әзірлеу,

• жеткізушілер, бәсекелестер мен нарықтың басқа да қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынас құру салалары бойынша білім алуға бағытталған.

Семинардың ұзақтығы 1,5 сағат, форматы: іскерлік ойын, жеке консультациялық сүйемелдеу.

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191 «Даму» Қоры КҚКО ғимараты, оқу сыныбында, 1-қабат

Семинар 15-30-дан 17-00-ге дейін өтеді.

Назар аударыңыз, тіркелу үшін е-mail өтініш жолдаңыз: bm.ppv@mail.ru

Тел: 8(7152) 55-98-10; 8-701-432-20-46, 8-702-727-47-40