info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!»

Анонсы
25.10.2017

Достар! Біздің «Бизнес-фитнес» жобамыз бойынша оқу жалғасуда. 2 қараша күні «Даму» Қорының Көкшетау қаласындығы филиалында Елена Бугаенкомен кездесуге шақырамыз. Ол «Өз бизнесіңді ашуға бел буу» тақырыбына сабақ өткізеді.

Елена Бугаенко - «Буратино» атты мектепке дейінгі білім беру орталығының жетекшісі. Педагогикалық жұмыста тәжірибесі өте мол. 2005 жылы «Жыл мұғалімі» байқауында жеңімпаз атанды, 2009 жылдан бастап Назарбаев зияткерлік мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі және кафедра меңгерушісі болып жұмыс атқарды. Өзінің табысты өсу жолына қарамастан, Елена Иосифовна бизнесін ашуға шешім қабылдап, өз оқу орталығын ашты. Бүгінгі күні Елена мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлайды, оқу соңында әр баланы мектепке баруға дайындап, қалыптан тыс ойлауға қабілеттін туғызады.

Сіздерді қарашаның 02 күні, сағат 15:00-де Ақан-Сері көшесі 46/1 Көкшетау қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ғимаратында, күтеміз. Қажетті анықтаманы мына телефон номірлері арқылы білулеріңізге болады 8 (716 2) 55 11 18,55 11 19.