info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

2 ноября в поселке Жанакорган Кызылординской области пройдет семинар на тему «Основы предпринимательства и виды обязательных платежей для предпринимателей»

Анонсы
31.10.2017

Семинар бағдарламасы міндетті әлеуметтік аударымдар мен төлемдерді есептеудің формуласын түсіндіру мен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттарымен таныстыру мақсатында арнайы іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкерлер үшін арнайы жасалды.

Сөз сөйлеушілер:

  1. Денеева Гүлсім - «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысының филиалы директоры
  2. Төлепова Мадина - «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС директоры.

Семинар бөлімдері:

  • Кәсіпкерлік негіздері;
  • Бизнес-идеяны таңдау және бизнес-жоспар құру;
  • Кәсіпкерлерге арналған міндетті төлемдер мен аударымдарды есептеудің формуласы;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» БҚДББ бойынша презентация;
  • «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына презентация;
  • Сұрақ-жауаптар.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті Амангелді көшесі 171, «Ордакент» ардагерлер мен жастардың ресурстық орталығы.

Өтетін күні мен уақыты: 02.11.2017ж, басталуы сағат 10.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 551118, +7 7024598980