info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!» г. Кызылорда

Анонсы
14.11.2017

Фитнестің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін, дене бітімін әсем де сымбатты етіп қалыпта ұстап тұратынын білесіздер. Сол сияқты, бизнесте де сәннен қалмай, жаңа техника жайынан хабардар болып, қатардан қалмай жүру керек.
Сіздерге ең үздік тәсілдермен кәсіптеріңізді қайта жандандыруға көмектесетін  Даму Қорының «Бизнес - Фитнес» атты арнайы жобасы жүзеге асуда. 

Сіздерді 21 қараша күні Қызылорда қаласындағы «Даму» Қорында «Өз бизнесіңді бастау шешімін қалай қабылдауға болады?» тақырыбында өтетін кәсіпкер Айнұр Бермағанбетовамен кездесуге шақырамыз. Айнұр Бермағанбетова - «Ай-Диас» мектепке дейінгі білім беру орталығының басшысы және Қызылорда облысының ҰКП жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.  
Педагогикалық салада үлкен тәжірибесі бари маман, 16 жыл бастауыш сыныптарының мұғалімі болып жұмыс жасаған. Керемет мансабына қарамастан, Айнұр бизнеске кетуге шешім қабылдап, өзінің білім беру орталығын ашты. Бүгінде Айнұр кішкетай бөбектерді мектепке дайындап, әр оқу жылының соңында балақайдан ерекше ұшқыр ойланатын оқушыларды өсіріп шығаруда. 
Сіздерді 21 қараша күні өтетін тренингте күтеміз, мекен жайымыз: Қызылорда қ, И.Журба көшесі,12 «Даму» Қорының КҚКО

Назар аударыңыздар! Іс-шара ТЕГІН өткізіледі! Орындар шектеулі.
Алдын-ала жазылу үшін мына эл.мекен-жайға хабарласыңыздар: Gulzat.Koldeyeva@fund.kz немесе тел.: + 77079506914, ж.т. +7 7242 55-11-18.