info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Бизнес-фитнес! Прокачай свое дело!» в Алматинской области

Анонсы
23.11.2017

Фитнестің адам денсаулығына қаншалықты пайдасы бар екенін, дене бітімін әсем де сымбатты етіп қалыпта ұстап тұратынын білесіздер. Сол сияқты, бизнесте де сәннен калмай, жаңа техника жайынан хабардар болып, қатардан қалмай журу керек.
Сіздерге ең үздік тәсілдермен кәсіптеріңізді қайта жандандыруға көмектесетін  Даму Қорының «Бизнес - Фитнес» атты арнайы жобасы жүзеге асуда. 
28 қараша айында мейрамхана бизнесінде қаланың табысты бизнесмендерімен Хакимова Ильмира Абдрашитқызы және Чер Ирина Викторқызы мен кездесуге бірегей мүмкіндік бар, олар сізді «Бизнесті жаңадан бастап қалай құру керек?» деген тақырыбын айтады.
Хакимова Ильмира бизнесте 15 жыл бойы жұмыс істейді. «FORTUNA FOOD» кондитерлік цехтың директоры, «Алтын Дастархан» облыстық кондитерлік фестивалінде 1 орынды алды. Ильмира «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламалардың қатысушы болып табылады, бірнеше рет кәсіпкерлік курстарынан өтті, «Іскерлік байланыстар» бағдарлама бойынша Берлин қаласында тағылымдамадан өтті.
Чен Ирина бизнесте 20 жылдан астам, құрылыс, көтерме- бөлшек сату, мейрамхана бизнес саласында жұмыс тәжірибесі бар. «PARTY FOOD» Қазақстандық брендтің негізін қалаушы. Комипанияның бас директоры. Бизнес коуч, тәрбиеші.
Біз сізді жаттығуда 15.00 сағат 28 қараша айында келесі мекен жайында күтеміз: Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көш. 187А (І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті)
Назар аударыңыз! Іс- шара тегін жүргізіледі! Орындар шектеулі. Кездесуге арналған байланыс: zhandos.nurgazinov@fund.kzаliya.nugmanova@fund.kz және тел. 8 7282 55-87-10.