14 декабря в ЦОПе Петропавловска пройдет деловая игра «Начни свой бизнес» для активной молодежи

Анонсы
09.12.2016

14 желтоқсанда «Даму» қорының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қызмет көрсету орталығында кәсіпкерлерге арнап «Өз бизнесіңді баста» бизнес-ойыны өткізіледі.

Шара мақсаты: ісін жаңа бастаған және болашақ кәсіпкерлердің табысты кәсіпкерлік іс жүргізу мен өз бизнесін бастауға білімі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Іскерлік ойын барысында қатысушылар:

• өзін нағыз кәсіпкер сезініп;

• жоспарлау, бизнес-процестерді ұйымдастыру, командалық жұмыс, шешім қабылдау сияқты іс-шаралардың маңыздылығын түсініп;

• «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында бизнес жүргізудің әр түрлі аспектілері бойынша жеке консультациялар ала алады.

Жас және жаңа бастаған кәсіпкерлерді өз бизнесін құру, дамыту және жетілдіру үшін тиімді құралдар туралы ақпаратты алу үшін шақырамыз.

Семинар ұзақтығы - 1,5 сағат, форматы - іскерлік ойындар, сұрақ-жауап, жеке консалтингтік қолдау.

Мекен-жайы: Петропавл қ., Жамбыл Жабаев к-сі, 191, бірінші қабат сыныбы,«Даму» қорының ХҚКО ғимаратында.

Семинар 14-00-ден 16-00 сағатқа дейін өтеді.

Назар аударыңыздар, тіркелу үшін bm.ppv@mail.ru электрондық пошталарына сұранымдарыңыздарды жіберіңіздер.

Немесе 8 (7152) 55-98-10 нөміріне телефон соғуға болады.

Байланыс телефондары: 8-701-432-20-46, 8-702-727-47-40