14-15 декабря в Кокшетау пройдет бизнес-тренинг для женщин с инвалидностью

Анонсы
08.12.2016

Құрметті әйел кәсіпкерлер!

Сіздерді Көкшетау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Мүгедектігі бар әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты 14-15 желтоқсанда өтетін екі күндік тренингке шақырамыз.

Курс барысында сіз іс жүргізу кезінде тиімді коммуникациялық дағдылар мен көшбасшылық қабілеттеріңізді дамытасыз. Содан кейін сіз қызметке орналасу барысындағы сұқбат барысында өз біліміңіз бен біліктілігіңізді дұрыс көрсете білуге қабілетті боласыз. Одан бөлек тренинг барысында кәсіпкерліктің бастапқы бағыттары мен бизнес жоба жасауды үйренесіз.

«Мүгедектігі бар әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасын «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығымен бірлесе «Даму» қоры барлық Республика өңірлерінде өткізеді.

Сіздерді Көкшетау қаласы Ақан сері көшесі 46а1 мекен-жайы бойынша күтеміз. Байланыс телефондары: 87162551118,551119