В Акмолинской области проходит прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
15.11.2016

«Даму» Қоры Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалы «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жаңа жобаның жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлайды

2016 жылдың басынан «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» атты жаңа жоба іске қосылды.

Ақмола облысы бойынша «Даму» қоры Көкшетау қалалық Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесе «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасының аясында кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында Жобаға қатысуға студент жастардан бизнес-идеяларымен өтінімдерді жинау басталды.

Өтінімдерді іріктегеннен кейін қатысушылар жаттығу-семинарын 4 академиялық сағаттан 6 күнтізбелік күннің ішінде 21-ші қарашадан 25 қараша аралығында өте алады. Оқыту Көкшетау қалалық Ш.Уалиханов атындағы университетінде өтетін болады. Жобаның қатысушылары оқыту кезеңінде өз бизнес-идеяларын қалыптастыру қажет.

Жаттығу-семинарында табысты кәсіпкер Громова Светлана кәсіпкерлік қызметтің тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Жобаның қатысушылары дайын бизнес-жобаларымен әрі қарай тәжірибелік оқытуға өтінім бере алады.

Өтінімді толтырып және нақты ақпаратты Көкшетау қаласы, Ақан Сері көшесі, 46А/1 үй мекен-жайы бойынша немесе 8(7162)551118, 551119 байланыс телефоны арқылы ала аласыз.