В Кызылорде 4 ноября пройдет бесплатный семинар на тему «Электронные государственные закупки»

Анонсы
31.10.2016

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «БалАра» коворкинг орталығымен бірлесе отырып «Электронды мемлекеттік сатып алулар» атты тегін семинарға шақырады. Семинарға іс бастаушы және бизнесі бар кәсіпкерлер қатыса алады.

Семинар бағдарламасы:

2016 ж мемлекеттік сатып алулар ережелері

Электронды порталмен жұмыс жасау:

- баға ұсынысы

- ашық конкурс

- әлеуметтік сұраныстар бойынша сатып алулар

- мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге қарастырылған мемлкеттік сатып алулар порталдындағы мүмкіндіктері

Мемлекеттік сатып алу порталының талаптары

Түсіндірме семинарына қатысу арқылы, сатып алулар саласына сәтті кіру, 
соңғы әзірлемелер мен сатып алуды шолу, мемлекеттік сатып алулар және тендерлердің сіз білмейтін тұстары туралы мағлұмат ала аласыздар.

Семинарды мемлекеттік сатып алулар саласында тәжірибесі мол, білікті маман, «БалАра» коворкинг орталығының басшысы Құлетов Жәнібек жүргізеді.

Асығыңыздар орындар саны шектеулі. Кіру тегін!

Өтетін орны: Қызылорда қ, И.Журба көшесі 12, «БалАра» коворкинг орталығы.

Өтетін күні мен уақыты: 4 қараша, басталуы сағат 11:00-де.

Толық ақпарат алу үшін келесі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз:

+ 7 7242 551118, + 7 7242 400980.

Электронды мекен-жай: damu@list.ru.