13-14 октября в Петропавловске пройдет семинар: «В помощь предпринимателю для развития бизнеса»

Анонсы
13.10.2016

13-14 қазан аралығында Петропавл қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «Кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға көмек» атты семинар өтеді.

Семинарда еңбек және салық заңнамасы, «СТ ҚР ИСО 9001-2015 стандарттық сапа талабы» және кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік бар.

Семинар тақырыптары:

ҚР еңбек заңнамасындағы күрделі сұрақтар.

ҚР еңбек кодексінің негізгі міндеттері.

Еңбек шарты мазмұны, қорытынды реті, жұмысқа қабылдар алдында сынақтан өту, еңбек келісім-шартының аяқталуы. Еңбек кітапшасының жүргізілу реті және сақталуы. Жауапкершілік түрлері, тәртіптік жауапкершілікке тартудың мерзімі мен реті.

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Еңбек төлемі.

ҚР салық заңнамасындағы күрделі сұрақтар.

2016 жылы қабылданған ҚР салық кодексінің өзгеруі мен 2017 жылы жоспарланған өзгерістер.

Электронды шот фактураларды қолдану.

Камералдық бақылаудың мәселе сұрақтары.

Сапа стандартының көрсеткіші (жаңа үлгісі)

Сапа менеджмент жүйесін еңгізудің принциптері мен әдіс-тәсілдері

Сапа менеджменті жүйесін енгізудің негіздері бойынша топтық жұмыс

Үдерістік тәсілдер (амалдар).

Сапа стандарты көрсекіштеріне сәйкес бизнес-үдерістерді сипаттау, оңтайландыру және енгізу

Бизнестің негізгі көрсеткіштері.

Субсидиялау мен кепілдендіру бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасына қатысу шарттары және басқа да кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары.

Семинарға қатысу тегін.

Семинар өтетін уақыты мен күні: 13 мен 14 қазан 2016 ж. сағат 10:00 – 17:00 арасы.

Өтетін орны: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, «Даму» Қорының КҚКО ғимараты, 1 қабат. Байланыс тел.: 8(7152) 55-98-11.