ЦОП Фонда «Даму» в г. Шымкент приглашает к участию в конкурсной программе «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
11.10.2016

Бағдарлама болашағы зор бизнес-идеялары бар 18 және одан жоғары жастағы іс бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалған.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар үш күндік (36 сағаттық) тренинг-оқуға қатысуға өтініш береді. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өз жобаларын жүзеге асыру бойынша бизнес-жоспар дайындайды. Байқау комиссиясының анықтауымен ең үздік бизнес-жоба 150 мың теңге грант жеңіп алады.

Тренинг бағдарламасы болашақ кәсіпкерлерге өзінің бизнесі үшін идея таңдауға, идеяның «өміршеңдігін» бағалауға, бизнесті құруға және дамытуға дайындалуға және өз бетінше бизнес-жоспар дайындауға көмектесу үшін жасалған. Тренингтер бағдарламасы интербелсенді тәжірибелік жаттығуларға, бизнес-кейстерге және көптеген іскерлік ойындарға толы.

Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларда кәсіпкерлік туралы толық көрініс қалыптасады, бизнесте ойлауы дамиды, мақсатқа жетуге өзіндік әсер ету дәрежесі сезіледі, бизнес-жоспарды өз бетінше құруға дағдыланады.

Сонымен бірге, алдағы уақытта Тәлімгерлермен жұмыс істеу үшін және олардың жобаларын алдағы уақытта сүйемелдеуге қосымша 4 бизнес-жоспар іріктеліп алынады.

Өтініштер 2016 жылдың 25 қазан айына дейін мына мекен-жай бойынша қабылданады:

Шымкент қ., «Даму» Қорының КҚКО, Рысқұлова к-сі 8 А, «Наурыз» аялдамасы;

Қосымша ақпарат мына тел. бойынша: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57