В Акмолинской области идет прием заявок на обучение в рамках проекта «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
10.10.2016

Көкшетау қаласының Кəсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында «Жаңа бизнес бастаманы қолдау» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды. Аталған жоба бизнес саласында жəне жеке істі жүзеге асырудағы білімді жүйеге келтіруге көмектеседі.

Жобаға 18 жастан асқан, ісін жаңа бастап жатқан кəсіпкерлер қатыса алады. Өтінімдер 13 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Оқудан соң сертификат алғандар əзірлеген бизнес-жоспарларымен Стартап-жобалар байқауына қатыса алады.

Стартап-жобасында жоғары бал алған қатысушы жеңімпаз болады.

Жеңімпаз білімі мен дағды деңгейін көтеруге бағытталған тәжірибелік тапсырмалармен онлайн/оффлайн оқуға барып, кейіннен Тәлімгерлік компонентіне қатыса алады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Көкшетау қаласы, Ақан Сері к-сі, 46А/1 үй мекен-жайына немесе 8 (716 2) 55 11 18, 55 11 19 (ішкі 3278 Меруерт) байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз.