Кызылординский филиал Фонда «Даму» начал сбор заявок на участие в проекте «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
06.10.2016

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» жобасы бойынша тегін оқуға қатысушылардан өтінімдер қабылдауды бастады.

Жоба мақсаты кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың кәсіпкерлік әлеуетінің ашылуына жәрдемдесу және сол арқылы олардың болашақта табысты бизнеске айналатын Стартап жобаларын құруға, сондай-ақ бастауыш кәсіпкерлердің қаржыландыру көздеріне қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталып жұмыс жасайды.

Жоба аясында үш күндік тегін оқу бағдарламасында келесі тақырыптар қарастырылады:

маркетинг;

менеджмент;

бизнес-жоспарлау;

кәсіпкерлікке ендіру;

кәсіпкерлік психологиясы;

кәсіпкердіктің заңды және қаржылық қырлары және тағы басқа тақырыптар.

Жоба қатысушыларына келесі кеңестік қолдау түрлері көрсетіледі:

бизнес-жоспарды жасауда жәрдем беру;

ШОБ субъектісі ретінде тіркелу жолдарын түсіндіру;

бизнесті жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;

«Даму» Қоры жүзеге асыратын құралдар аясында қаржылық көмек алуға өтініш беру үшін құжаттар дайындауына көмектесу және т.б

Оқыту жобасына ҚР 18-ден асқан барлық бизнес-идеясы бар азаматтары қатыса алады.

Қосымша ақпарат: Қызылорда қ, Журба көшесі, 12 үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 қабат: + 7 7242 551118, +7 7021219483.

Электронды мекен-жай: damu@list.ru.