Кызылординский филиал Фонда «Даму» начал сбор заявок на участие в проекте «Поддержка предпринимательских инициатив студенческой молодежи»

Анонсы
06.10.2016

«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» жобасы бойынша тегін оқуға қатысушылардан өтінімдер қабылдауды бастады. Студент жастардың кәсіпкерлік әлеуетін ашуға бағытталған жоба аясында келесі тақырыптар бойынша алты күндік оқытуды жоспарлайды:

маркетинг;

менеджмент;

бизнес-жоспарлау;

кәсіпкерлікке ендіру;

кәсіпкерлік психологиясы;

кәсіпкерліктің заңды, қаржылық қырлары және тағы басқа тақырыптар.

Жоба қатысушыларына келесі кеңестік қолдау түрлері көрсетіледі:

бизнес-жоспарды жасауда жәрдем беру;

ШОБ субъектісі ретінде тіркелу жолдарын түсіндіру;

бизнесті жүргізу сұрақтары бойынша кеңес беру;

«Даму» Қоры жүзеге асыратын құралдар аясында қаржылық көмек алуға өтініш беру үшін құжаттар дайындауға көмектесу және т.б

Тегін оқытудан өтуге Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және арнайы орта білім беретін мекемелердің 18 бен 29 (қоса алғанда) жас аралығындағы жобаға қатысуға өтініш берген студент жастары қатыса алады.

Қосымша ақпарат: Қызылорда қ, Журба көш, 12 үй, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, 1 қабат: + 7 7242 551118, +7 7021219483.

Электронды мекен-жай: damu@list.ru.