В Кызылорде с 3 по 4 октября будет проходить семинар «Развитие предпринимательских навыков женщин с инвалидностью»

Анонсы
29.09.2016

3-4 қазақ аралығында «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен» бірлесе отырып, 18-47 жас аралығындағы мүгедектігі бар әйелдер үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізуге бағытталған тиімді қарым-қатынас пен көшбасшылық қабілеттерін ашуға үйрететін оқыту курстарына шақырады. Сіз білім мен мүмкіндіктерді пайдаланғыңыз келіп, тұрақты жұмыс орнын іздеген, немесе жеке бизнесін ашқысы келетін мүгедектігі бар әйел болсаңыз, кімнен көмек сұрауды және қайдан білім алуды білмесеңіз бұл курс сізге арналған.

Семинар келесі тақырыптарды қамтиды:

Мүгедектіктің әлеуметтік моделіне негізделген мүгедектік ұғымының түсініктемесін құруға;

Мүгедектігі бар әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттыруға, тұйықталудан құтылып, масылдықтан арылуға және ұжымдағы көшбасшылық әдістер мен қабілеттерге үйретуге;

Тиімді қарым-қатынас, өзін-өзі таныстыру және өзінің бизнес-жобасын таныстыра білу қабілеттеріне үйретуге, кәсіпкерлік қызмет барысындағы күйзелістерді көтере білуге;

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің негіздерін үйретуге.

Барлығы Қазақстан бойынша түрлі мүгедектігі бар 180 әйел оқытудан өткізілгеннен кейін, келесі бағыттар бойынша 90 әйел қайта біліктілік алу курстарына таңдап алынады:

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп;

Сall-орталық операторы жұмысы. Кеңсе-менеджері;

Тігін ісі және киім жөндеу;

Бизнес-жоспарлар дайындау негізі.

Өтетін орны: Қызылорда қ, И.Журба көшесі, 12, конференц-зал.

Өтетін күні мен уақыты: 3-4 қазан, басталуы сағат 09:30.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: + 7 7242 551118.

Электронды мекен-жай: damu@list.ru.