30 сентября в Атырау состоится отраслевой форум Atyrau Invest - Petro Chemical Day 2016

Анонсы
28.09.2016

30 қыркүйек күні Атырау қаласында аймақтық инвестициялық форум аясында «Atyrau Invest - Petro|Chemical Day 2016» атты тұңғыш салалық шара өтеді. Шараны Атырау облыстық әкімшілігі мен «Біріккен химиялық компания» ЖШС бірлесіп ұйымдастырады.

Жиында сарапшылар Қазақстан Республикасы мұнай-химия саласы дамуының болашағы мен әлемдік бағыттар жайлы сөз қозғап, нарықтағы қазіргі ахуалды талқылап, мемлекеттік қолдаулар мен жобаларды қаржыландыру жайлы пікір алмасады.

«Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында кәсіпорындар құруға инвесторлар мен кәсіпкерлер тарту мақсатында «Біріккен химиялық компанияның» жұмысы, ШОБ үшін мүмкіндіктері мен артықшылықтары жайлы таныстырылым да өтеді.

ШОБ субъектілері бойынша «ОХК» ЖШС «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ұйымдастырылып, ол жерде «ОХК», «KAZNEX INVEST», Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры, Мемлекеттік-жеке әріптестік Орталығы, Қазақстанның индустрияны дамыту институты, Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттік, «NADLoC» секілді көптеген ұйым өкілдерінен кеңес ала алады.

Atyrau Petro|Chemical Day Invest 2016 спикерлері:

Ноғаев Нұрлан, Атырау облысының әкімі;

Дүйсембаев Ғұмар, Атырау облыс әкімінің орынбасары;

Раушан Сарсембаева, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Президенті;

Хаиров Ерлан, ҚР инвестиция және даму вице-министрі;

Өсербай Жеңіс, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма төрағасы;

Өтетін уақыты: 30 қыркүйек 2016 ж., 09-30.

Орны: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, «Атырау» Мәдениет орталығы.

Тіркеу WWW.UCCFORUM.KZ сайтында 29.09.2016ж дейін.