В Кызылорде 28 сентября пройдет мероприятие «День консалтинга: Построить эффективный бизнес? Мы знаем, как!»

Анонсы
26.09.2016

Құрметті кәсіпкерлер! Еуропа қайта құру және даму банкінің ШОБ қаржыландыру және дамыту тобы Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалының, «Атамекен» АКП және «Сыр бойы кәсіпкерлері» қауымдастығының қолдауымен сіздерді «Консалтинг күні: Біз тиімді бизнес құру жолын білеміз» шарасына қатысуға шақырады.

Шара мақсаты: Қызылорда облысының кәсіпкерлеріне бизнесті дамыту мен оның тиімділігін арттыру үшін бизнес консалтинг құралдарын пайдалу жолдарын үйрету.

Шараға қатыса отырып, бизнестің тиімділігін қалай көбейту керек, тауар/қызметін алға жылжыту үшін бренд күшін пайдалану жолдары, компания табысын қалай арттыру керек, адами ресурсты қалай тиімді басқаруға болады, неге клиентке бағдарланған бағыт Сіздің бизнесіңізде аса маңызды болып табылады және басқа да қызықты деректер мен идеялар туралы мәлімет аласыздар.

Сіздерге кеңесшілермен не үшін және қалай жұмыс жасау қажет екенін, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкінің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында кеңесшілер қызметіне қайтарымсыз грантты қалай алуға болатыны жөнінде айтамыз.

Мақсатты топ: бизнес иелері, бірінші басшылар, орта буын менеджерлері.

Қатысушыларға Қазақстанның жетекші консалтингтік компанияларының кеңесшілері мен тренерлері тегін шеберлік-сабағы мен таныстырылымдар өткізеді.

Өтетін орны: Қызылорда қ, Желтоқсан көшесі 42 үй, «Бастау» бизнес-орталығы

Өтетін күні мен уақыты: 28 қыркүйек 2016 ж., сағ. 0930 - 1430 дейін.

ҚАТЫСУ ТЕГІН! ТІРКЕЛУ МІНДЕТТІ! ОРЫНДАР ШЕКТЕУЛІ!

Қосымша ақпарат алу және тіркелу үшін байланыс телефондары:

+7 7242 55 11 18; +7 7252 997 194; 997 195; 8 701 759 03 46; 8 701 808 08 86

Электронды адрес: aldiyarA@ebrd.comkozhanoa@ebrd.com