23 сентября в Кызылорде пройдет очередной бесплатный семинар на тему «Основы бухгалтерии для индивидуальных предпринимателей»

Анонсы
21.09.2016

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы іс бастаушы кәсіпкерлерді 23 қыркүйек күні Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін «Жеке кәсіпкерлерге арналған бухгалтерия негіздері» тақырыбындағы тегін семинарға қатысуға шақырады. Түсіндірме семинарына қатысу арқылы, сіз бухгалтерияны өзіңіз жүргізуді үйрене отырып, есепші қызметіне жүгінбей, өз қаражатыңызды үнемдеуге мүмкіндік аласыз.

Семинар бағдарламасы:

  •  Біржүйелі бухгалтерлік есептілік: мүмкіндіктер мен артықшылықтар;
  •  Салық салу жүйесін қалай дұрыс таңдау қажет?;
  •  Қарапайым бухгалтерлік терминдер;
  •  АЕК және ЕТЖ түсініктері;
  •  Салықтық тексеру кезінде өзін қалай ұстау жөнінде 5 кеңес;
  •  Электронды шот-фактуралардың есебі;
  •  Сұрақ-жауаптар.

Өтетін орны: Қызылорда қ, И.Журба көшесі, 12, конференц-зал.

Өтетін күні мен уақыты: 23 қыркүйек, басталуы сағ.16:00-де.

Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: + 7 7242 551118.

Электронды мекен-жай: damu@list.ru.