Информация для жителей Южно-Казахстанской области

Анонсы
21.09.2016

«Даму» Қорының Шымкент қалалық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 22 қыркүйек күні стартап жобаларды қолдау бойынша байқау коммиссиясы оқу курсынан өткен үздік бизнес-идея иелерін анықтайды.

Ал топ жарғандар байқау қорытындысы бойынша 150 мың теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз грантты жеңіп алады.

«Жаңа бизнес ашуды қолдау» бағдарламасын 18-29 жас аралығындағы іс бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін «Даму» Қоры арнайы дайындаған.

Бүгінгі күннің өзінде Оңтүстік Қазақстан облысында бизнес-идеясы бар 25 іс бастаушы жас кәсіпкер іріктелді. Олар бағдарламаға сәйкес «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығындағы тренингтен өткен.

Оқу қорытындысы бойынша іс бастаушы кәсіпкерлер өздерінің бизнес-идеяларын жасады және 10 стартапшы алғашқы іріктеуден өтті.

Үздік ондық басты сыйлық – 150 мың теңге мөлшеріндегі грант үшін таласады. Қалған финалға шыққан қатысушылар демеушілердің бағалы сыйлықтарына ие болады.

Байқау демеуші: «Триумф М.М.С.» зауыты ЖШС. «ЗБН ВИЗиТ» ЖШС және «Жансая Санаториясы» ЖШС. Демеушілерге алғыс айтамыз!

Өтетін күні: 22 қыркүйек 2016ж.;

Біздің мекен-жайымыз: Шымкент қаласы, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Рысқұлов 8 А к-сі, «Наурыз» аялдамасы.

Басталуы: сағат 15.30.-17.00 дейін.

Қосымша ақпараттар: 8/7252/99-70-49, 8/7252/99-70-57 тел. бойынша