С 14 сентября в ЦОПе Петропавловска пройдет бесплатное обучение по проекту «Поддержка открытия нового бизнеса»

Анонсы
07.09.2016

14-16 қыркүйек аралығында «Даму» Қорының Солтүстік Қазақстан облыстық Кәсіпкерлерге Қызмет Көрсету орталығында «Жаңа бизнес ашуды қолдау» жобасы аясында әлеуетті потенциалды және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған тренинг-семинар өтеді.

Шараның мақсаты: Әлеуетті және ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің өз бизнесін құру және кәсіпкерлік қызметін ойдағыдай жүргізу барысындағы білімі мен дағды деңгейін көтеру.

Жоба аясында оқуға қатысушыларға Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету орталығы мамандары кеңестік қолдау көрсетеді.

Бизнес-жоспар құру бойынша жәрдем және бизнес-жобаны жүргізу

Кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелуге көмек көрсету

«Даму» Қорының құралдары арқылы қаржылық қолдау алу үшін құжаттарды жинауға көмек көрсету

Тәжірибелі бизнес өкілдерінің жетекшілігі.

Өтетін орны: Петропавл қ., Жамбыл к-сі, 191, «Даму» Қорының КҚКО ғимаратында, бірінші қабат, оқыту сыныбы.

Шеберлік сабағы сағат 15-00-ден 17-00 дейін өтеді.

Тіркелу үшін bm.ppv@mail.ru эл. поштаға өтінім жіберу қажет

немесе 8(7152) 55-98-10 телефонына хабарласыңыз

байланыс телефондары: 8(7152) 55-98-10, 8 701 432 20 46.