2 сентября в Астане пройдет круглый стол «Программы Фонда «Даму» для предпринимателей в сфере легкой промышленности

Анонсы
29.08.2016

2 қыркүйекте Астанада жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер үшін «Даму» қоры бағдарламалары» тақырыбына дөңгелек үстел өтеді. Қатысушылардың назарына «Даму» қорының бағдарламалары мен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына енген өзгерістер ұсынылады. Сондай-ақ субсидиялар және ішінара кепілдік түрінде мемлекеттік қолдау мүмкіндігі мәселелері де талқыланады.

Кездесуге жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер және компания басшылары шақырылады.

Басталуы 2016 жыл 2 қыркүйек, сағат 17:00.

Кездесудің ұзақтығы: 1 сағат. Қатысу – тегін, Zamzagul.Khamzina@fund.kz е-поштаға тіркелуі қажет.

Қатысуға ниет білдіргендерді мына мекен-жай бойынша күтеміз: Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, конференц зал. Қосымша ақпарат: 8 717 2559434, 8 717 2559439.