В Аральском районе 31 августа пройдет разъяснительный семинар «Развитие молодежного предпринимательства в рамках государственных программ»

Анонсы
25.08.2016

Қызылорда облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Арал ауданында 31 тамыз күні «Кәсіпкерлікті жүзеге асыру мақсатында жастарға мемлекеттік қолдау көрсету» тақырыбында түсіндірме семинарын ұйымдастырғалы отыр.

Түсіндірме семинары барысында аудан жастары «Даму» Қорының өкілдерінен кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламарына қатысу шарттары бойынша барлық сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар, келесі бағдарламаларға қатысу шарттары түсіндірілетін болады:

«Startup «Bolashak»;

«Бизнестің Жол Картасы 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;

Шағын қаржы-үлкен мүмкіндіктер;

Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау;

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың өңірлік бағдарламасы;

Сұрақ-жауап.

Өтетін орны: Арал ауданы, Школьная көшесі, №34

Өткізілетін күні мен уақыты: 31 тамыз, басталуы сағат 10:00.

Толық ақпарат алу немесе семинарға қатысуға өтiніш беру үшін мына телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 8 7242 55-11-18.