Семинар-тренинг проводится с целью улучшения качества заявок на получение инновационных грантов. В рамках семинара участники будут ознакомлены с типами инноваций, приоритетными направлениями, видами инновационных грантов, а также с процедурой рассмотрения

Анонсы
25.08.2016

Қазақстан Республикасының Инвестиция және Даму Министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ 2016 жылдың 31 тамызы, сағат 11–00-де, Тараз қаласында коучинг элементтері бар «Инновациялар түрі. Басым бағыттар. Инновацияларды қолдау құралы – Инновациялық граннтар. Грант түрлері. Өтінім толтыру барысында жиі жіберілетін қателер, оларды болдырмау жолдары» атты семинар-тренинг өткізбек.

Семинар, грант алуға берілетін өтінім сапасын жақсарту мақсатында өткізіледі. Семинар шеңберінде қатысушылар грант түрлері, басым бағыттар және өтінім қарастыру шараларымен танысады.

Семинарға қатысуға өнертапқыштар, инноваторлар, инновациялық-бағытталған кәсіпорындардың өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, департаменттер мен Министрлікке қарасты ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Орын саны шектеулі.

Коучинг элементтері қосылған семинар – тренингті, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттіктің» құзыретті арттыру орталығының сертификатталған коучер-тренері Жаркенова Ұлдай өткізеді.

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 93 «А». «Arai Plaza» бизнес-орталығы, 2-қабат.