24 августа в Кызылординском филиале АО «ЦеснаБанк» пройдет «День открытых дверей» для предпринимателей

Анонсы
18.08.2016

Құрметті кәсіпкерлер! Сіздерді 24 тамыз күні «Цеснабанк» АҚ Қызылорда филиалында өтетін «Ашық есік күніне» шақырамыз. Шара қонағы бола отырып, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қатысушысы болуға мүмкіндік аласыздар және «Даму» Қорының жаңа бағдарламаларымен танысасыздар. Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ҚФ, «Цеснабанк» АҚ ҚФ және Өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы басшылығынан қызықтырған сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.

«Ашық есік күні» қатысушыларын кепілдендірілген сыйлық – шотты тегін ашу немесе Цеснабанкте қызмет көрсетуге 20% мөлшерінде жеңілдік күтіп тұр!

Жазылып үлгеріңіз, орындар шектеулі!


Өтетін орны: Қызылорда қ., Желтоқсан көшесі,42, «Бастау» бизнес-орталығы.

Өтетін күні мен уақыты: 24 тамыз, басталуы сағ.10:00-де.

Жазылу келесі байланыс нөмірі арқылы жүзеге асырылады:

8-(7242) 55 11 18, Электрондық адрес: damu@list.ru.